СОТ ПРИСТАВТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

Authors

  • Молдахметова Жанар Еспаевна заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы
  • Сатыбалды Дастан Бақытұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Құқықтану» мамандығы, 2-курс студент
  • Қанатұлы Махмұт Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Құқықтану» мамандығы, 2-курс студент

Abstract

Сот-құқықтық реформа тұжырымдамасы азаматтық іс жүргізу саласындағы қызметті қайта қарауды және сот приставтары институтын жандандыруды белгіледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінде азаматтық іске қатысушы субъекті ретінде сот приставы енді. Ол азаматтық іс жүргізуге көмектесуші тұлға ретінде танылды[1]. Біздің еліміздегі сот және құқықтық реформалар, ең алдымен, конституциялық, азаматтық және іс жүргізу заңнамасын жетілдірумен байланысты болды.

Заң сөздігі «сот приставы» ұғымына түсінік береді – бұл мемлекеттік қызметте тұратын лауазымды тұлға, оған ҚР Конституциялық соты, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР төрелік соты, жалпы юрисдикция соттары мен мамандандырылған соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету,  сот отырысы кезiнде залда қоғамдық тәртiптi сақтау, iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесу және сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету жүктеледі [2].

Published

2025-05-19

How to Cite

Молдахметова Жанар Еспаевна, Сатыбалды Дастан Бақытұлы, & Қанатұлы Махмұт. (2025). СОТ ПРИСТАВТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ. Research Retrieval and Academic Letters, (9). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RRAL/article/view/6222