МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ТРЕНИНГ

Authors

  • Zhassymbek Bibizhamal Adilbekkyzy The National Pedagogical University named after Abai, Магистрант 2курса

Keywords:

цифрлық технологиялар, тренинг, цифрлық құзыреттілік

Abstract

Білім беру саласындағы мұғалімдердің заманауи кәсіби біліктілігін арттыру қазіргі таңда аса өзекті мәселе болып табылады. Бұл өзекті мәселені шешу жолы ретінде цифрлық тренингтерді қолдана аламыз. Цифрлық тренингтер 21-ғасыр оқытушыларының сабақты тиімді өтуінде маңызды рөл атқарады. Бірақ Қазақстандағы мұғалімдердің цифрлық құзыреттілік деңгейі баға қоятын платформалар мен презентация жасайтын бағдарламалармен ғана шектелуде. Бұл жұмыстың мақсаты мектеп мұғалімдерінің  цифрлық құзыреттілігіне, цифрлық тренингтердің тиімділік әсерін эксперименттік түрде бағалау болып табылады. 

Эксперимент онлайн сауалнама және сұхбат әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылды: 1) 7 мемлекеттік мектеп  мұғалімдерінен тұратын топқа 2 дәрістен тұратын цифрлық тренинг өткізілді; 2) онлайн сауалнама жүргізілді; 

Эксперимент нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің цифрлық сауаттылығы артты және сабақта цифрлық технологияларды қолдану деңгейі жоғарылады. Дегенмен, эксперимент ауқымы тек бір мектеп мұғалімдерін ғана қамтыды.

Published

2023-08-28

How to Cite

Zhassymbek Bibizhamal Adilbekkyzy. (2023). МЕКТЕПТЕ ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ТРЕНИНГ. Research Retrieval and Academic Letters, (3). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RRAL/article/view/2034