Күйзеліс пен визуалдық жүктеме: көру функциясының төмендеуі және офтальмологиялық патологиялардың дамуы
Abstract
Background: Қазіргі қоғамда психоэмоционалдық күйзеліс әртүрлі әлеуметтік және кәсіби топтар арасында кең таралған факторға айналды. Ұзаққа созылған стресс пен қарқынды визуалдық жүктеме көру аппаратына кешенді әсер етуі мүмкін. Дегенмен көру функциясының төмендеуін көбіне механикалық немесе генетикалық факторлармен ғана түсіндіру басым, ал психоэмоционалдық компоненттің патогенетикалық рөлі жеткілікті деңгейде кешенді зерттелмеген.
Aim: Күйзеліс пен визуалдық жүктеменің көру функциясының төмендеуіне және офтальмологиялық патологиялардың (миопия, астигматизм, катаракта) қалыптасуына ықпалын биопсихосоциалды модель негізінде пәнаралық тұрғыдан бағалау.
Hypothesis: Зерттеу гипотезасы бойынша, көру функциясының төмендеуі тек визуалдық жүктеменің тікелей әсерімен ғана емес, психоэмоционалдық күйзеліс тудыратын нейроэндокриндік өзгерістермен, вегетативтік дисрегуляциямен және әлеуметтік орта факторларымен бірлесе әсер ететін кешенді биопсихосоциалды механизм арқылы дамуы мүмкін. Биологиялық деңгейде — кортизолдың жоғарылауы мен микроциркуляциялық өзгерістер; психологиялық деңгейде — созылмалы эмоционалдық кернеу; әлеуметтік деңгейде — оқу, кәсіби немесе травмалық жағдайлар көру аппаратының функционалдық тұрақтылығын әлсіретіп, органикалық патологиялардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Methods: Зерттеу аралас әдіснама негізінде жүргізілді. Сандық бөлімде жоғары оқу орындары студенттері арасында құрылымданған сауалнама арқылы күйзеліс деңгейі мен көру функциясының динамикасы бағаланды. Сапалық бөлімде әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерімен, соның ішінде ауыр психологиялық травмадан кейін көру қабілетінің төмендеуін байқаған тұлғалармен тереңдетілген сұхбаттар өткізілді. Сонымен қатар тәжірибелік деректер еліміздің офтальмолог дәрігерлері мен клиникалық психологтарының сараптамалық пікірлерімен толықтырылды. Аймақтық офтальмология бөлімдеріндегі клиникалық бақылау нәтижелері қосымша талданды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.