ОҚУ-ДАЛА ПРАКТИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТЫҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Keywords:
оқу-дала практикасы, кәсіби даярлық, когнитивтік компонент, практикалық компонент, биология білімгерлері, зерттеушілік дағдылар, далалық зерттеу әдістері, кәсіби құзыреттілік, тәжірибелік оқытуAbstract
Мақалада оқу-дала практикасы жағдайында білімгерлердің кәсіби даярлығының когнитивтік және практикалық компоненттерін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Биология кафедрасы базасында жүргізілді. Педагогикалық экспериментке «6В05146 – Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс білімгерлері қатысты. Зерттеу барысында диагностикалық, қалыптастырушы және қорытынды кезеңдерден тұратын педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды.
Оқу-дала практикасы барысында фенологиялық бақылау, гербарий әдісі, морфологиялық және анатомиялық талдау, фитоценоздық зерттеу және агротехникалық жұмыстар сияқты зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері оқу-дала практикасы білімгерлердің теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың практикалық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін және кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал ететінін көрсетті.
Алынған нәтижелер оқу-дала практикасының биология мамандығы бойынша білімгерлердің кәсіби даярлығын қалыптастырудағы маңызды педагогикалық құрал екенін дәлелдейді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.