ФИТОЭНТОМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Keywords:
фитоэнтомологиялық талдау, экологиялық құзыреттілік, биологиялық білім беру, фитофаг жәндіктер, фитосанитарлық жағдай, ботаникалық бақ, зерттеушілік оқыту, экологиялық білімAbstract
Мақалада фитоэнтомологиялық талдау әдістерін қолдану арқылы білімгерлердің экологиялық құзыреттілігін дамыту мәселелері қарастырылған. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағы базасында жүргізілді. Зерттеуге 6В0513 – «Биология» білім беру бағдарламасының 3 курсында оқитын 37 білімгер қатысты. Зерттеу барысында далалық бақылау, микроскопиялық талдау, морфологиялық салыстырмалы талдау және экологиялық зерттеу тапсырмалары әдістері қолданылды. Ботаникалық бақтағы жалпақ жапырақты ағаштардың фитосанитарлық жағдайы зерттеліп, фитофаг жәндіктердің өсімдіктерге әсер ету ерекшеліктері анықталды. Зерттеу нәтижелері фитоэнтомологиялық талдау әдістерін оқу процесінде қолдану білімгерлердің табиғи объектілерді ғылыми тұрғыдан зерттеу қабілеттерін дамытуға және олардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға оң әсер ететінін көрсетті.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.