JUGLANS NIGRA L. ӨСІМДІГІНІҢ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ИНТРОДУКЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
  • Маулен Биганым Қожахметқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы

Keywords:

Juglans nigra L., қара жаңғақ, интродукция, дендрологиялық, көрсеткіштер, фенологиялық фазалар, физиологиялық бейімделу, топырақ факторлары, өсімдік экологиясы

Abstract

Мақалада Juglans nigra L. өсімдігінің Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағы жағдайындағы дендрологиялық, физиологиялық және фенологиялық ерекшеліктері зерттелді. Зерттеу барысында өсімдіктің маусымдық даму фазалары, морфометриялық көрсеткіштері, жапырақтың физиологиялық параметрлері және топырақтың негізгі эдафикалық сипаттамалары анықталды. Нәтижелер бойынша өсімдіктің вегетациялық кезеңі 153–160 күн аралығында екені анықталды. Морфометриялық көрсеткіштер көшеттердің белсенді вегетативтік өсуін көрсетсе, физиологиялық талдау өсімдіктің су режимінің тұрақты екенін дәлелдеді. Сонымен қатар топырақтың әлсіз қышқыл реакциясы және гумус мөлшерінің жеткілікті деңгейі өсімдіктің қалыпты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыратыны анықталды. Алынған нәтижелер Juglans nigra L. өсімдігінің зерттелген аймақтың климаттық және топырақ жағдайларына бейімделу мүмкіндігі жоғары екенін және оның интродукциялық әлеуеті перспективалы екенін көрсетеді.

Published

2026-03-16

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Маулен Биганым Қожахметқызы. (2026). JUGLANS NIGRA L. ӨСІМДІГІНІҢ ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ИНТРОДУКЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ. Research Reviews, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/8057

Issue

Section

Biological Sciences