БИОТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
  • Жұмағали Меруерт Талғатқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы

Keywords:

биотехнологиялық білім беру, биотехнологиялық ұғымдар, биологияны оқыту әдістемесі, жобалық оқыту, педагогикалық эксперимент, зерттеушілік оқыту, ғылыми сауаттылық, биологиялық білім беру

Abstract

Мақалада биологиялық білім беру жүйесінде биотехнология элементтерін оқыту барысында жобалық әдісті қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – биотехнологиялық ұғымдарды қалыптастыру үдерісінде жобалық оқыту технологиясының тиімділігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу және оның білім алушылардың зерттеушілік және танымдық дағдыларының дамуына ықпалын анықтау. Зерттеу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында 2-3 курс студенттері арасында жүргізілді. Зерттеуге 46 студент қатысты. Зерттеу барысында педагогикалық эксперимент және тестілеу әдістері қолданылды. Эксперимент нәтижелері студенттердің биотехнологиялық білім деңгейінің және ғылыми-зерттеушілік дағдыларының айтарлықтай артқанын көрсетті. Алынған деректер математикалық-статистикалық әдістер арқылы өңделіп, педагогикалық ықпалдың тиімділігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелері биотехнология элементтерін оқытуда жобалық әдісті қолдану студенттердің ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға және биологиялық білімнің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Published

2026-03-16

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Жұмағали Меруерт Талғатқызы. (2026). БИОТЕХНОЛОГИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ. Research Reviews, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/8056

Issue

Section

Pedagogical Sciences