АЛМҰРТ СОРТТАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Authors

  • Исаев Ғани Исаұлы техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы
  • Дәнебек Ақерке Бердібекқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты, Түркістан қ., Қазақстан Республикасы

Keywords:

алмұрт сорттары, Pyrus communis L., агробиометриялық талдау, биологиялық ерекшеліктер, зерттеушілік оқыту, ғылыми-зерттеу құзыреттілігі, білімгерлер, педагогикалық эксперимент, агробиология, биологияны оқыту

Abstract

Мақалада алмұрт сорттарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде білімгерлердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Зерттеу жұмысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағы мен оқу-тәжірибелік агробиологиялық учаскелерінде жүргізілді. Зерттеу барысында алмұрттың «Талгарская красавица» және «Дюшес» сорттарының морфологиялық, физиологиялық және өнімділік көрсеткіштері агробиометриялық өлшеу әдісі арқылы талданды. Сонымен қатар білімгерлердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру тиімділігін анықтау мақсатында педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Зерттеуге 48 білімгер қатысып, олар бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топта табиғи биологиялық нысандарды зерттеуге негізделген зерттеушілік оқыту әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері агробиологиялық көрсеткіштердің өзгеруі агротехникалық жағдайларға тәуелді екенін және табиғи объектілерді тәжірибелік зерттеу білімгерлердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға оң әсер ететінін көрсетті. Алынған нәтижелер Стьюденттің t-критерийі арқылы статистикалық өңделіп, эксперименттік топтың көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда жоғары екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері биология пәнін оқытуда зерттеушілік әрекетке негізделген тәсілдердің білімгерлердің ғылыми құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді екенін дәлелдейді.

Published

2026-03-16

How to Cite

Исаев Ғани Исаұлы, & Дәнебек Ақерке Бердібекқызы. (2026). АЛМҰРТ СОРТТАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Research Reviews, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/8055

Issue

Section

Pedagogical Sciences