БАЛАЛАР ОЙЫНШЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

Authors

  • Омарбекова Фарида Қызыркановна Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу факультетінің 2 -курс, PhD докторанты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
  • Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Абай атындағы, Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
  • Тасилова Назия Айтбайқызы тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби, атындағы Қазақ ұлттық университеті

Keywords:

ұлттық тәрбие, этнопедагогика, мектепке дейінгі білім беру, ойын терапиясы, ұлттық ойыншықтар, мәдени код, дамытушы орта

Abstract

Мақаланың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру жағдайында балалар ойыншықтары арқылы қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау мен жаңғыртудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау және ұлттық мазмұндағы ойыншықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің педагогикалық моделін ұсыну. Зерттеу теориялық талдау, салыстырмалы-педагогикалық сараптау, нормативтік құжаттарды мазмұндық талдау және педагогикалық модельдеу әдістеріне негізделді. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, этнопедагогика, ойын психологиясы және ойын терапиясы саласындағы еңбектер жүйеленді. Зерттеу нәтижесінде ұлттық ойыншықтарды қолданудың үш деңгейлі моделі нақтыланды: мазмұндық деңгей (ұлттық мәдени кодты іріктеу), ұйымдастырушылық деңгей (дамытушы орта мен «Ойын терапиясы» кабинетін жабдықтау) және әдістемелік деңгей (сабақ, еркін ойын, жобалық жұмыс, ата-анамен серіктестік). Сондай-ақ «Қазақ ауылы», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық кейіпкерлер», «Қолөнер шеберханасы», «Дыбысты домбыра» сияқты ойыншық модельдерінің тәрбиелік мазмұны сипатталды. Ұлттық ойыншықтарды жүйелі пайдалану баланың тілдік белсенділігін, әлеуметтік әрекеттесуін, мәдени сәйкестілігін және эмоционалдық қатысуын күшейтетіндігі негізделді. Ұсынылған материалдар мектепке дейінгі ұйымдарда вариативтік компонент әзірлеуге, дамытушы ортаны жабдықтауға және педагогтердің әдістемелік жұмысын жетілдіруге қолдануға болады

Published

2026-03-16

How to Cite

Омарбекова Фарида Қызыркановна, Шашаева Гүлбақыт Қадыржанқызы, & Тасилова Назия Айтбайқызы. (2026). БАЛАЛАР ОЙЫНШЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ. Research Reviews, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/8043

Issue

Section

Pedagogical Sciences