ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ
Abstract
Бүгінгі жаһандану дәуірінде қоғам дамуының негізгі факторларының бірі – тұрақты даму идеологиясына негізделген сапалы білім беру жүйесі. Бұл жүйеде тек когнитивті білім берумен шектелмей, оқушының тұлғалық дамуына, оның әлеуметтік, моральдық және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға баса назар аударылады. Әсіресе экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен табиғи ресурстардың сарқылуы жағдайында өскелең ұрпақтың бойына экологиялық тәрбие мен мәдениетті сіңіру – аса өзекті міндеттердің бірі ретінде қарастырылады [1].
Экологиялық тәрбие – бұл адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын, экологиялық сауаттылығы мен жауапкершілік деңгейін айқындайтын тәрбие бағыты. Қазіргі білім беру кеңістігінде бұл бағыт оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына тікелей ықпал ететін кешенді құбылыс ретінде қабылданады. Мақалада экологиялық тәрбиенің педагогикалық жүйедегі орны, оны іске асырудың тиімді формалары мен әдістері, сондай-ақ оның тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы рөлі талданады.
Экологиялық тәрбие – бұл оқушылардың экологиялық сана-сезімін, табиғатқа деген құндылықтық қатынасын және табиғи ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жүйесі. Ол тек биологиялық және экологиялық білім берумен шектелмейді, сонымен қатар тұлғаның эмоционалды-еріктік және мінез-құлықтық компоненттерін де қамтиды[2].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.