БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРОКРАСТИНАЦИЯСЫ

Authors

  • Айтуғанова Ақбөбек Тоймұратқызы «Тұран» университеті, 2 курс магистранты, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Abstract

Прокрастинация қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Прокрастинация мектеп оқушыларынан бастап, орта және жоғарғы оқу орындары білім алушылары мен еңбек етуші ересектерге де тән мәселе. Қазіргі қоғамның талаптарына сай әрбір білім алушы жас пен ересек, бір уақытта бірнеше әрекеттерді қатар ұйымдастырып, жасауға тырысады. Осында өмір салты маңызды әрекеттерді кейінге қалдырылуы әрбір адамға таныс жағдай болып отыр.

Прокрастинация термині ғылымға 1977 жылы енді. Оны алғаш Пьер Рингенбах өз кітабында қолданды. Оның артынан В.Кнаус пен А.Эллистің «Прокрастинацияны жеңу» және Дж.Бурка және Л.Юэннің «Прокрастинация: бұл не және онымен қалай күресуге болады» кітаптары жарық көрді. Прокрастинация латын тілінен «procrastinatio» сөзінен шыққан, ол «кейінге қалдыру, кешіктіру, артқа тарту» деп аударылады.

Ч.Л. Лэй де осыған ұқсас көзқарасты ұстанады: «Прокрастинация – көп шығын әкелетініне немесе тұлғаға кері әсерін тигізетініне қарамастан, жоспарланған әрекеттерді өз еркімен, қисынсыз кейінге қалдыру» [1].

Ресейде  прокрастинация мәселесіне арналған алғашқы еңбектер ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңында пайда болды [2]. В.С. Ковылин бұл құбылысты «қажетті істерді орындауды кейінге қалдыру үрдісі» деп анықтайды. Әрекеттер тұлға үшін осы кезеңде орындауы саналы түрде кейінге қалдырылатын мінез-құлық үлгісі» [3].

Published

2025-04-28

How to Cite

Айтуғанова Ақбөбек Тоймұратқызы. (2025). БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ПРОКРАСТИНАЦИЯСЫ. Research Reviews, (9). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/5959

Issue

Section

Psychological Sciences