ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІС АУЫЛЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ

Authors

  • Махметов Арман Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, 7М08615-«Су ресурстарын басқару» (бейіндік) білім беру бағдарламасы магистранты

Abstract

Түркістан облысы Созақ ауданы Жеңіс ауылы Шымкент қаласынан 185км солтүстік батыс бағытта орналасқан (1,2-суреттер). Қазіргі уақытта елді мекенде орталықтандырылғын сумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Жобалау нысаны географиялық тұрғыда Аса өзені алабына кіреді [1-5].

Аса өзенінің алабы Теріс және Күркүреусу өзендерінің қосылуынан пайда болады. Алап ауданы 9,900 км2 құрайды. Аса өзенінің жалпы ұзындығы – 552 шақырым. Аса өзені алабының жеке бөліктері, Қырғызстан және Қазақстан Республикаларының құрамына кіреді. Қырғызстан республикасының аумағына, Қаратау жотасының солтүстік-шығыс баурайында пайда болатын өзендерден басқа, Аса өзенінің пайда болатын жерінің бүкіл таулы бөлігі кіреді. Ағынның таралуы және салыстырмалы тегіс жерінде орналасқан Аса өзенінің төменгі ағысының негізгі бөлігі Қазақстан аумағында жатыр

Published

2025-04-28

How to Cite

Махметов Арман. (2025). ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕҢІС АУЫЛЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ. Research Reviews, (9). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/5929

Issue

Section

Technical Sciences