Шала туылған балалардағы орталық жүйке жүйесінің перинатальдық зақымдануының ерекшеліктері
Abstract
Шала туған нәрестелердегі орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдануы (ОЖЖПЗ) — неонатология мен балалар неврологиясындағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын дүние жүзінде 15 миллионға жуық нәресте шала туылады, бұл жаһандық шала туу көрсеткішінің шамамен 11% құрайды, ал Қазақстанда жыл сайын 20-22 мың нәресте шала туылады, бұл барлық туылған нәрестелердің 5% құрайды. Дүние жүзінде 1 миллион бала 5 жасқа дейін шала туылу салдарынан қайтыс болады, бұл 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы барлық өлімнің 18 % және жаңа туылған нәрестелер арасындағы барлық өлімнің 35 % құрайды, демек жаңа туылған нәрестелер арасындағы өлімнің негізгі себебі шала туылу болып табылады. [1]. Бұл жағдайдың жиілігі мен ауыр зардаптары әлемдік медицина қауымдастығының ерекше назарын аударуда. Нейропсихика дамуының кешеуілдеуі мен мүгедектікке алып келу қаупі жоғары болғандықтан, қазіргі таңда бұл дерт жан-жақты зерттелуде. Бұл ғылыми-сараптамалық жұмыста осы дерттің этиологиясы мен патогенезі, диагностиканың қазіргі заманғы принциптері, алдын алу шаралары жан-жақты қамтылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.