Артериялық гипертензиясы және абдоминальды семіздігі бар науқастардың өмір сүру сапасын қан қысымы деңгейіне байланысты бағалау
Abstract
Артериялық гипертензия және абдоминальды семіздік – бұл жүрек-қан тамыры ауруларының қауіпін едәуір арттыратын өзара байланысқан патологиялық жағдайлар. Осы екі фактордың үйлесуі пациенттің өмір сапасына және емделуге деген ұмтылысына (комплаенттілікке ) айтарлықтай әсер етеді. Бұл аурулар ұзақ мерзімді терапияны және емдеу режимін қатаң сақтауды қажет етеді және бұл науқастарға жиі қиындықтар туғызады. Емделуге деген ұмтылыс бұл дәрігердің нұсқауы мен ұсынысын үнемі орындауды, дәрі-дәрмектерді уақытылы қабылдауды, диетаны және физикалық белсенділік деңгейін сақтап отыруды қамтиды. Гипертензиямен және семіздікпен ауыратын науқастарда өмір сүру сапасы терапияның ұзақ мерзімді сипатына, дәрі-дәрмектің жанама әсерлеріне, психологиялық кедергілерге және экономикалық шектеулерге байланысты жиі төмендейді. Сонымен қатар, мотивацияның төмендігі, отбасының немесе медициналық қызметкерлердің қолдауының болмауы емдеу режиміне теріс әсер етуі мүмкін. Науқастардың емделуге деген ұмтылысына және өмір сүру сапасына әсер ететін бірнеше факторлар бар, олар:
- Әлеуметтік және экономикалық: дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің қаржылық қол жетімділігі, отбасы мен достарының қолдауы.
- Психологиялық: төмен мотивация, стресс және депрессия емдеуге деген ұмтылысты төмендетуі мүмкін.
- Физикалық: семіздік және онымен байланысты шектеулер физикалық белсенділік пен өмір салты бойынша ұсыныстарды орындау мүмкіндігін төмендетуі мүмкін.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.