БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТРЕНДТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ (АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ)
Keywords:
халықаралық зерттеу, ұлттық бағалау, математикалық сауаттылық, дамыған елдердің озық әдістеріAbstract
Бұл мақалада орта білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі - білім алушылардың білім жетістіктерін ұлттық бағалауда, халықаралық салыстырмалы зерттеу кезінде білім сапасын, бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу, дұрыс шешімдер қабылдау мәселелерін шешімін табу жолдары, әдістері қарастырылды. Кең ауқымды халықаралық зерттеулерге қатысу барысында білім алушылардың оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар анықталды. Соның нәтижелері бойынша ізденіп, талдау жүргізілді. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу, ақыл-ойын дамыту, халықаралық зерттеулерге қатысу барысында өз мүмкіндігіне сену, қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру мақсатында дамыған елдердің озық әдіс-тәсілдері кіріктірілді. Мақалада дамыған елдердің озық әдістерімен жасанды интеллект ресурстарын пайдаланудың өзектілігі талқыланады. Білім алушылар өздігінен ізденіп, шығармашылықпен ойлай білуі, әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды пайдалануы, стандартты емес ойлау қабілетін үнемі дамыту үшін зерттеулер жүргізіліп, қол жеткізілген нәтижелер ұсынылған. Бұл мақалада ЖИ ресурстары ұсынылғандықтан барлық оқырмандар үшін пайдалы
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.