Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы

Authors

  • Айтходжаева Гулрайхан Икрамовна лектор. Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Abstract

Түрлі себептер бойынша қиындықтарға тап болған әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды мемлекеттің қолдауы бірнеше факторлар тұрғысынан маңызды. Біріншіден, әртүрлі себептерге байланысты әлеуметтік қиындықтарға тап болған азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Екіншіден, мемлекеттегі әлеуметтік теңсіздікті азайту және қауіпсіз қоғам құру тұрғысынан өзекті. Үшіншіден, азаматтардың мүмкіндіктерін теңестіруге және адами ресурстарды дамытуға ықпал етеді. Осыған байланысты әлемдегі кез-келген мемлекет белгілі бір дәрежеде әлеуметтік қорғау тетіктерін жүзеге асырады.

Әлеуметтік көмек көрсету кезінде мынадай мәселелер ескерілуге тиіс: білімге қол жетімділік, медициналық көмектің қол жетімділігі, әртүрлі себептер бойынша жұмыссыз қалған адамдардың жәрдемақы алуы, еңбекке қабілетсіз адамдарға көмек, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға көмек.

Published

2022-12-28

How to Cite

Айтходжаева Гулрайхан Икрамовна. (2022). Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы. Research Reviews, (1). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RR/article/view/591

Issue

Section

Economic Sciences