Оқу процесін бейімдеу мен модификациялау стратегиялары
Keywords:
инклюзивті білім беру, оқу процесін бейімдеу, модификациялау стратегиялары, ерекше білім беру қажеттіліктері, сараланған оқыту, цифрлық технологиялар, оқу материалдарын бейімдеу, бағалау жүйесін икемдеу, білім беру ортасыAbstract
Мақалада инклюзивті мектептердегі оқу процесін бейімдеу мен модификациялау стратегиялары жан-жақты қарастырылады. Инклюзивті білім беру — барлық оқушылардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Зерттеуде инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары мен ұстанымдары сараланып, оқу үдерісіне қатысушы барлық тараптардың – мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың – рөліне назар аударылады.
Мақалада ЕББҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін арттыруға бағытталған түрлі педагогикалық әдістер мен тәсілдер сипатталады. Атап айтқанда, оқу материалдарын бейімдеу, оқыту формаларын түрлендіру, жеке оқу жоспарларын құру, сараланған тапсырмалар беру, визуалды және практикалық оқыту құралдарын пайдалану әдістері қарастырылған. Сонымен қатар, бағалау жүйесін икемдеу, оқушылардың қабілеті мен даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін форматтарда кері байланыс беру жолдары ұсынылған.
Сабақ құрылымын өзгерту, оқу бағдарламасын ықшамдап бейімдеу және заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде интерактивті платформалар мен қосымшаларды пайдалану – оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар ретінде қарастырылады. Инклюзивті ортада оқушының өзін қауіпсіз әрі қолдау тапқан жағдайда сезінуі оның белсенділігін, қызығушылығын және оқу жетістігін арттыратынына ерекше мән берілген.
Мақала нәтижелері инклюзивті білім беру тәсілдері ЕББҚ бар оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға, білім беру процесін жеңіл әрі тиімді етуге септігін тигізетінін дәлелдейді. Зерттеу қорытындылары білім беру мазмұнын жаңарту, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасау қажеттігін көрсетеді. Бұл инклюзивті мектептерді дамытудағы өзекті бағыттардың бірі ретінде ұсынылады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.