БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Abstract
Ғылымда «инновациялық мәдениет» ұғымының нақты түсіндірмесі жоқ.
Л.Е. Елизарова, Л. А. Холодкова инновациялық мәдениет ғылым, білім, мәдениет мәселелерін әлеуметтік және ең алдымен кәсіби тәжірибемен органикалық түрде біріктіретін кешенді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. В. Ф. Самохин пен
В. П. Чернолестің пікірі бойынша инновациялық мәдениет оның құндылық бағытын көрсететін рухани өмір саласы болып саналады. Зерттелетін құбылыс ғылыми әдебиеттерде екі мағынада қолданылады: тар және кең. Тар – инновацялық қызметке қажетті білім, дағдылар туралы айту жеткіліксіз екенін атап өту үшін. Бұл аспектіде
Н.М. Анисимовтың «жаңа білімнің тұлғаның құрылымы мен ішкі әлеміне» әсері туралы ойы маңызды болып көрінеді. А. И. Николаев инновациялық мәдениетті кең мағынада әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады. B. C. Лазарев пен В. И. Слободчиков инновациялық мәдениет адамның ойлауын басқаратын және мұғалімнің инновациялық қызметке деген ынтасын түсінуінде көрінетін педагогикалық сананың жұмысының ерекше формасы ретінде анықталады. Е. П. Белозерцев, Е. В. Бондаревская, А. Колесникова және В. А. Латышев инновациялық мәдениетті әртүрлі әлеуметтік-мәдени жағдайларда пайда болатын әлеуметтік мәдениеттің ерекше түрі ретінде қарастырады.