ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ ҚАТЫСАТЫН МИКРООГАНИЗМДЕР
Keywords:
қара қоңыр топырақ, агроландшафт, микроорганизм, бактерия, гумус, актиномицеттер, саңырауқұлақтарAbstract
Жыл сайынғы көкөніс дақылдарын егу және вегетациясы кезеңінде агротехникалық өңдеу, суаратын судың бүліндіру әрекеті топырақтың құрылымдық агрегаттарының нашарлауына, гумус заттарының деградациясына, қоректік элементтердің шығарылуына және күңгірт қарақоңыр топырақтардың құнарлылығының төмендеуіне алып келеді. Жұмыста агроландшафттың күңгірт қара қоңыр топырақтарында топырақтүзілуүрдісіне қатысатын микроорганизмдердің (бактериялардың, актиномицеттер мен саңырауқұлақтардың) санын зерттейтін материалдар бар. Зерттеу нәтижелері қара қоңыр топырақтарда микроорганизмдерден бактериялардың жиі кездесетіндігін көрсетті. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштар енгізілгеннұсқаларда микроорганизмдердің саны артады.
Жұмыстың мақсаты Іле Алатауының етегіндегі күңгірт қарақоңыр топырақтардағы микроорганизмдердің сандық және сапалық құрамын зерттеу.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.