8-СЫНЫП ФИЗИКА КУРСЫНДА «ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫН» ОҚЫТУДА AR ЖӘНЕ VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Keywords:
физиканы оқыту әдістемесі, электр құбылыстары, интерактивті цифрлық зертхана, толықтырылған шындық (AR), виртуалды шындық (VR), когнитивтік жүктеме, дидактикалық оңтайландыруAbstract
Орта мектептің физика курсындағы микроәлемге қатысты абстрактілі құбылыстарды, соның ішінде электр тогы мен өріс заңдылықтарын оқыту заманауи дидактиканың күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Осыған орай, бұл зерттеудің негізгі мақсаты — «Электр құбылыстары» бөлімін меңгеруде визуалды-кеңістіктік технологиялар мен интерактивті веб-ортаны біріктіретін жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдің тиімділігін негіздеу. Дәстүрлі статикалық модельдер оқушылардың кеңістіктік абстракциясын толық қалыптастыра алмайтындықтан, эксперименттік деректерді цифрландыру және 3D визуализация когнитивтік кедергілерді жоюдың басты тетігі ретінде қарастырылады. Мақалада толықтырылған (AR) және виртуалды (VR) шындық технологияларын, сондай-ақ бес зертханалық жұмысты біріктіретін автоматтандырылған интерактивті цифрлық зертхананы (динамикалық графиктер тұрғызу және PDF-есептерді генерациялау мүмкіндігімен) қолдану тәжірибесі талданған. Дидактикалық тәсіл ретінде оқушының когнитивтік жүктемесін басқару үшін оқыту тренажерларын артық геймификациядан (таймерлер мен ұпайлар) тазарту әдісі ұсынылды. Сонымен қатар, материалды игерудің ғылыми логикасын сақтау үшін зертханалық жұмыстардың иерархиялық реті қайта құрылымдалып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру бірінші позицияға шығарылды. Бұл кешенді әдістеме білім алушыларды рутиналық қағазбастылықтан босатып, назарды таза академиялық процеске шоғырландыратыны дәлелденген
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.