ARDUINO НЕГІЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ ЖОБАСЫ

Authors

  • Қазытай Жанерке Анварқызы 4 курс студенті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қарағанды қ., Қазақстан
  • Қисабекова П.Ә. PhD

Keywords:

Arduino, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қайта жаңартылған энергия көздері, жоба

Abstract

Қазіргі таңда әлемде экологиялық мәселелердің маңызы күннен-күнге артып келеді. Табиғи ресурстардың сарқылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі сияқты жаһандық проблемалар адамзатқа үлкен қауіп төндіруде. Әсіресе дәстүрлі энергия көздері – көмір, мұнай және газ – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, болашақта толықтай таусылуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі күні баламалы, яғни қайта жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану – аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Зерттеу жұмысының мақсаты – Arduino негізінде күн және жел энергиясын пайдаланып, автоматтандырылған энергия үнемдеу жүйесі бар экоқала моделін жасау. Ал міндеттері ретінде қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің маңызын түсіндіру, Arduino платформасының мүмкіндіктерін зерттеу, датчиктердің жұмыс істеу принципін қарастыру және оларды бір жүйеге біріктіру қарастырылады

Published

2026-05-24

How to Cite

Қазытай Жанерке Анварқызы, & Қисабекова П.Ә. (2026). ARDUINO НЕГІЗІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ ЖОБАСЫ. Reviews of Modern Science, (13). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/8758

Issue

Section

Physical and Mathematical Sciences