ДЕМОНОЛОГИЯ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕ: МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

Authors

  • ЕЛДОС ОСЕРБАЕВ PHD ДОКТОР КАЗНУ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ
  • НИЯЗБЕКОВ СЕРИК АМАНКУЛОВИЧ «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының магистр, аға оқытушысы, Қазақстан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Агибаев Али Болатбекович Докторант 1-го курса ОП «Религиоведение», Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Тултмисов Берік Нышанәліұлы Докторант 2-го курса ОП «Культурология», Казахский национальный педагогический университет имени Абая

Keywords:

демонология, мәдени девиация, номадология, жын, бақсы, кие, кесір, албасты, Қорқыт

Abstract

Халықтық сенім-нанымдар ерте дəуірлерде туып, келе-келе белгілі бір жүйеге түсіп, əр текті философиялық зейін арқылы түйінделіп, категориялық жəне ұғым зерделермен қабысып отырады. Осындай көне ұғымдардың санатына халықтың демонологиялық түсініктері де жатады. Демонология дегеніміз әлеуметтік девиациясының бір көрінісі, адам немесе хайуан пішінінде өмір сүреді деп саналатын дүниеде болмайтын, бірақ сана да қалған рух, жын, пері, албасты, сайтан жəне т. б. жөніндегі архетиптік түсініктер, елестер жəне ұғымдар жиынтығы. Демонология архаикалық қияли көзқарас негізінде туады да, халықтың мифологиялық түсінігімен астасып жатады. Демонология протологикалық девианттық көзқарастан туындайды. Дүниені тану процесі қиялсыз болмайды, бұл объективті нəрсе, өйткені шындықты бейнелеу аса күрделі, əрі қарама-қарсылықтарға толы процесс. Сондықтан да тану барысында қол жеткен ақиқаттың өзі үнемі салыстырмалы түрде болып, нормадан ауытқуы мүмкін. Көшпелілердің фантастикалық бейнелерінде (Албасты, Төбекөз, Жезтырнақ) – дала стихияларының алыптылығы салынған. Жер күштерін бастапқыда оның міндеті игілікті және ізгілікті болған, бәрінің алғашқы тудырушысы Жалмауыз Кемпір кейіптейді. Патриархат орнаған соң, ол зұлымдықпен теңестіріледі, адамға жау күш ретінде көрсетіледі.
Мақалада қазақтардың дəстүрлі демонологиясының мұсылман демонологиясымен үндесіп жатуы аталып өтеді. Бұл үндестіктің бір себебі – исламның да, қазақтың да демонологиялық түсініктері бір көзқарасқа негізделген. Ислам дінінің даламызда дəуірлеу кезеңінде аруақтардың жергілікті “тəңірі”, “онғон” атаулары ұмыт болып, олардың орнына жалпы “аруақ” деген араб термині басады. Сонымен, аруақ адам жанын мəңгілік деп түсінуден туған. Оның ғылыми мəні жоғары. Бұл ұғымның философиялық негізі – дүние заңдылықтары мен адамның жеке қасиеттерін сол дүние мен адамнан бөліп алып, жеке-дара өмір сүре алатын құбылыс деп қарау болып табылады. Мұны жете түсінудің демонология үшін маңызы зор. Əсілі, қазақтың демонологиялық пайымдарының мəн-жайын «дүниеде табиғат пен адам үйлесімді өмір сүре алады» деген ой жария етіп тұр

Published

2026-05-24

How to Cite

ЕЛДОС ОСЕРБАЕВ, НИЯЗБЕКОВ СЕРИК АМАНКУЛОВИЧ, Агибаев Али Болатбекович, & Тултмисов Берік Нышанәліұлы. (2026). ДЕМОНОЛОГИЯ КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНДЕ: МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ. Reviews of Modern Science, (13). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/8751