ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ: ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Authors

  • Ауелгазина Толкын Кудайбергеновна саяси ғылымдарының докторы, доцент, «Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Шаймақов Мейіржан Ғалиұлы «Тарих және дінтану» БББ 2 курс студенті, Қазақстан, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Keywords:

Отан, қоғам, мемлекет, мемлекеттік рәміздер, жастар, азаматтық борыш, патриотизм, патриоттық сезім, әскери-патриоттық тәрбие

Abstract

Әскери-патриоттық тәрбие - мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастардың бойында жоғары патриоттық сезімді, Отанын риясыз сүю мен өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болу әрекетіне бағытталған жоспарлы, жүйелі, мақсаты іс-әрекет. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбиені іске асыруда жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық борышты өтеу парызын сіңірудің маңызы зор. Қоғамдық құрылымның түрлі салаларында әскери-патриоттық тәрбиені жүргізуге бағытталған жұмыстың пәрменділігін арттыру үшін  түрлі жобалар мен әскери-патриоттық іс-шараларды жүзеге асырудың мәні айрықша.

Осылайша, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі басымдық бола отырып, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға арналған маңызды бағыттардың бірі болып табылады.  Бұл ретте жас ұрпақтың бойына Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімін сіңіру түсінігін қамтитын патриотизм, ұлттық патриотизм ұғымдарының мәнін мақаламызда кеңінен ашуға тырыстық. Сонымен қатар мақалада қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі мен шығармашылығы да қарастырылады

Published

2026-05-24

How to Cite

Ауелгазина Толкын Кудайбергеновна, & Шаймақов Мейіржан Ғалиұлы. (2026). ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ: ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР. Reviews of Modern Science, (13). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/8750

Issue

Section

Political Studies