THE INFLUENCE OF GEOPOLITICS ON MODERN INTERNATIONAL RELATIONS

Authors

  • Auelgazina Tolkyn Kudaibergenovna Doctor of Political Sciences, Associate Professor, Head of the Department of Social and Humanitarian Disciplines of the Kazakh Academy of Labor and Social Relations (KazAtiso Academy) Almaty, Kazakhstan
  • Kuanysheva Aliya Amangeldievna Kuanysheva Aliya Amangeldievna Candidate of Political Sciences, Senior Lecturer of the Department of Political Science and Socio-Philosophical Disciplines of the Abai Kazakh National Pedagogical University

Keywords:

геосаясат, халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, ыртқы саясат, халықаралық сауда, саяси тұрақсыздық, қақтығыстар, дипломатия, мемлекет, мүдделер, құндылықтар, қауіпсіздік

Abstract

Бұл мақалада саяси географияның қазіргі халықаралық қатынастарға әсер ету факторлары қарастырылады. Бұл — аумақтық өзгерістерге байланысты мемлекеттердің ішіндегі және сыртындағы үдерістерді зерттеуді негізгі мақсат ететін әлеуметтік-географиялық ғылым. Аталған ғылым әртүрлі пәндердің тоғысында орналасқандықтан, тарих, әлеуметтану, халықаралық құқық және саясаттанумен тығыз байланысты, бұл оны қоғамдық өмірмен кіріктірілген ғылымға айналдырады. Қазіргі әлемдегі геосаясат жаһандану, білім беру, әмбебап коммуникациялар, көлік және ақпаратпен тығыз байланысты. Ұлттық мемлекеттерде болып жатқан үдерістердің өзара шарттылығы жаһандық мәселелердің өсуіне және әлемдегі тұрақсыздықтың артуына алып келеді.

Жарияланымның әдіснамасы жүйелік, құрылымдық-функционалдық, салыстырмалы және мәдени-өркениеттік тәсілдерді, сондай-ақ талдау, синтез, индукция, дедукция, бақылау және модельдеу әдістерін қамтиды. Осылайша, геосаясат этникалық қақтығыстардан бастап дамыған және ең кедей елдердегі демографиялық тепе-теңдікке дейінгі әлемдік саясатқа әсер ететін жаһандық себептердің саласына айналды. Геосаясат халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады, сондай-ақ халықаралық қатынастарды мемлекеттер арасындағы күштік қатынастар ретінде түсіндіретін саяси реализм мектебінің бір тармағы болып табылады

Published

2026-05-24

How to Cite

Auelgazina Tolkyn Kudaibergenovna, & Kuanysheva Aliya Amangeldievna. (2026). THE INFLUENCE OF GEOPOLITICS ON MODERN INTERNATIONAL RELATIONS. Reviews of Modern Science, (13). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/8749

Issue

Section

Political Studies