Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты тарих сабағында оқытудың маңыздылығы

Authors

  • Кадиров Д.Ә. тарих 2 курс магистранты., Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті., Павлодар қ. Қазақстан
  • Айткенов З.Ш. Т.ғ.к., доцент., Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті., Павлодар қ. Қазақстан

Keywords:

Қазақстан, Түркия, дипломатия, тарих сабағы, ынтымақтастық, сыртқы саясат, интеграция

Abstract

Бұл мақалада Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты тарих сабағында оқытудың өзектілігі мен педагогикалық маңызы қарастырылады. Екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың тереңдігі жас ұрпаққа халықаралық қатынастардың дамуын жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Тарих пәнінде бұл тақырыпты оқыту оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасу кезеңдерін, түрік дүниесінің интеграциялық үдерістерін және бауырлас елдер арасындағы стратегиялық серіктестіктің мәнін терең меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар, Қазақстан–Түркия қатынастары арқылы оқушыларға өзара құрмет, ынтымақтастық, бейбітшілік пен диалог қағидаттарын түсіндіру маңызды. Мақалада осы тақырыпты оқытудың әдістемелік тәсілдері, тарихи дереккөздерді тиімді пайдалану жолдары және оқушылардың критериалды ойлау дағдыларын қалыптастырудағы рөлі талданады. Жалпы, бұл тақырып тарих сабағының мазмұнын байытып, оқушылардың халықаралық процестерді талдау қабілетін арттыруға бағытталған.

Осы тұрғыдан алғанда, аталған материалды мектеп бағдарламасына енгізу оқушылардың тарихи санасын дамытуға елеулі үлес қосады. Бұл оқу процесін заманауи талаптарға сәйкестендіріп, халықаралық саясатты меңгеруге деген қызығушылықты арттырады.

Published

2026-02-16

How to Cite

Кадиров Д.Ә., & Айткенов З.Ш. (2026). Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты тарих сабағында оқытудың маңыздылығы. Reviews of Modern Science, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/7873

Issue

Section

Historical Sciences