ГАЛИНА ҚАРАМОЛДАЕВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ ҰСТАНЫМЫ

Authors

  • Әділбекова Ләззат Махайқызы ҚазҰлтҚызПУ, ф.ғ.к., профессор м.а., Алматы, Қазақстан

Abstract

        Әншілік даралығымен, ұстаздық ұстанымымен есімі халқымызға кеңінен мәшһүр өнер маманы Галина Жұмабекқызы Қарамолдаеваның еңбек жолы да, шығармашылық жолы да өзінің ұшқан ұясы, 40 жыл ұстаздық еткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен тығыз байланысты. Галина Жұмабекқызының  ұзақ жылдарғы ұстаздық қызметінде  оқу орнының тарихында  оның дамуына, өсіп-өркендеуіне, беделінің артуына, түлектерінің кеңінен халыққа танылуына қосқан үлесі орасан зор және ұшан теңіз.

     Галина Жұмабекқызы 1946 жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Георгиевка ауылында майданнан жеңіспен оралған соғыс ардагерінің отбасында дүниеге келді. 1960 жылы 8 класты бітірген соң, жастайынан мұғалім болуды армандаған қыз Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң, 1964-1967 жылдар арасында Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар станциясындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Ал өнерге деген құштарлық оны сол кездегі Қыздар институтына алып келіп, аталған оқу орнын  1971 жылы үздік аяқтап, музыка-педагогика факультетіне оқытушылық қызметке қалдырды. Өзінің ұшқан ұясында үлкен абыроймен қызмет атқарған Галина Жұмабекқызы 1992 жылдан бастап «Хореография», 2006-2007 оқу жылынан бастап «Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді, вокал және хореография өнерін дамыту жолына тер төкті.

Published

2026-02-16

How to Cite

Әділбекова Ләззат Махайқызы. (2026). ГАЛИНА ҚАРАМОЛДАЕВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ ҰСТАНЫМЫ. Reviews of Modern Science, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/RMS/article/view/7870