М. Мағауиннің «Қуыршақ» әңгімесіндегі қуыршақ образының көркемдік сипаты
Keywords:
әңгіме, постфольклор, қуыршақ образы, мистицизм, магия, қара магия, ойынAbstract
Қуыршақ» мәселесін қозғайтын теориялық еңбектердің пайда болуы ХХ ғасырдың ортасынан басталады. Қазіргі уақытта қуыршақ философия мен мәдениеттану, театртану, өнер және әдебиеттану, педагогика мен психология, тарих және этнография, әлеуметтану және фольклортану пәндері аясында зерттелуде. Әдебиеттегі қуыршақтың көркемдік рөлі оның көркем шығармаларда образ ретінде бейнеленуінен көрінеді.
Мақалада М.Мағауиннің «Қуыршақ» әңгімесі жан-жақты талданады. Шығармадағы қуыршақ образының мазмұндық, көркемдік ерекшеліктері ғылыми еңбектердегі тұжырымдармен салғастырыла сараланады.
Қаламгердің «Қуыршақ» атты мистикалық әңгімесіндегі вампиризм тақырыбы фольклорлық шығармалармен сабақтастықта жазылған, сонымен қатар вампирлік әдебиетте ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен де ерекшеленеді. Әдебиеттегі «қуыршақ» феномені, сонымен қатар біздің зерттеу нысанымыз болып отырған «Қуыршақ» әңгімесі де осы тақырып аясында зерттелмеген. Сондықтан бұл мақалада М.Мағауиннің «Қуыршақ» әңгімесіндегі әдеби сабақтастық, жанрлық ерекшелік пен мистикалық элементтердің қолдaну ерекшеліктерін зерттеуді мақсат еттік. Жазушының қуыршаққа қатысты алынған мотивтері мен қаламгерлік шеберлік ізденістері пайымдалады. Мақалада қуыршақтың мистикалық және магиялық қызметі шығармадан алынған үзінділер арқылы талданады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.