Бағалы аң терілерін салыстырмалы түрде инструментальді, органолептикалық тәсілдермен зерттеу

Authors

  • Жубанышова Анар Темирхановна а.ш.ғ.м., аға оқытушы
  • Сатыбалдиева Гульшат Турсыналиевна а.ш.ғ.м., аға оқытушы
  • Адилбаева Жанера Бикеновна а.ш.ғ.м., аға оқытушы
  • Тунгишбаева Гульбану Курбановна а.ш.ғ.м., ассистент

Abstract

 

           Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір –қасиетін   жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі ыңғайлылығымен пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың теріден жасалған киімдері  ( тон, шапан,сәнді баскиімдер, жағалар, ішік) аз емес. Қазіргі таңда тері өнімдері сапасының жоғарғы болуына үлкен мән берілуде. Және де тері бұйымдарының сапасына зор мағына берілетін эстетикалық, экологиялық, әлеуметтік, сенімділік,  қауіпсіздендіру талаптарынан пайда болатын тұтынушылардың талаптары бойынша бағаланады. [1]

           Бағалы аң терісінің сапасы бірінші кезекте болғандықтан, оларды бағалау аңдардың мекендеу ортасына, қоректенуіне және аңды аулау мерзімі мен мезгіліне байланысты болып келеді.

           Жүргізілген жұмыста зерттеу обьектісі ретінде Иркутсктік 4 ондатр терісі, Алматы облысы, Алакөл ауданынан ауланған 16 ондатр терісі, 3 сазқұндыз терісі (оның біреуі Польшалық тері) және 5 қаракүзен терісі алынды.

Published

2022-12-18

How to Cite

Жубанышова Анар Темирхановна, Сатыбалдиева Гульшат Турсыналиевна, Адилбаева Жанера Бикеновна, & Тунгишбаева Гульбану Курбановна. (2022). Бағалы аң терілерін салыстырмалы түрде инструментальді, органолептикалық тәсілдермен зерттеу. Progress in Science, (1). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/PS/article/view/530

Issue

Section

Agricultural Sciences