ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ҮЙІРМЕ ЖҰМЫСЫНДА ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Abstract
Футбол - (ағылш. foot - аяқ, ball - доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады. Футбол ойынының тарихы XII ғасырдан басталды. Бұл ойын алғаш рет Англияда дами бастады. Француздық саяхатшы Гастон де Фуаз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазған екен. Футболды ойнауға қарсылық көрсеткендер де болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен. Өйткені олар футбол өте қауіпті ойын деп санаған. 1313 жылы Англияда қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойылған. Тіпті, Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданылғаны туралы деректер бар. Сонымен қатар ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Алайда, мұндай қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.