СӨЙЛЕУ КОММУНИКАЦИЯСЫ - АДАМДАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӘРЕКЕТІНІҢ КӨРІНІСІ
Abstract
Соңғы кезде жалпы тіл білімінде сөйлеу коммуникация мәселелері әр қырынан зерттеліп, оның біркатар мәселелері қазақ тіл білімінде де карастырылып жүргендігі белгілі. Сөйлеу коммуникациясы қарым-қатынас негізі ретінде жасалғандықтан тілімізде оның ықпалы күшті екендігі тәжірибеде дәлелденді, ол-дайындықсыз, еркін түрде өтіп, адам факторының рөлін ашып береді.
Тілдің коммуникативтік қызметі жеке тіл бірліктерінің қарым-қатынастық қызметтерін экстралингвистикалық факторлармен байланыстыра отырып жүзеге асырады. Ең алдымен, коммуникация-адамдардың өзара байланысы, қарым-қатынасы болып табылады.
Осы күнгі лингвистиканың дамуында сөйлеу үдерісі жөнінде көптеген ой-пікірлер қалыптасқан. Соның ішінде белгілі неміс тілшісі В.Гумбольдт «Сөйлеу оймен байланысты шексіз әрі алуан. Оны реттейтін, бірақ осы шексіздікте белгілі бір қалыпқа ие байланыс түрлерін жүйелеп отыратын тіл бірліктері бар» десе, Е.В.Клюев «Сөйлеу-ең алдымен, коммуникативті актіні бастау мақсатындағы қажеттіліктен туындайды» дейді.
Қазақ тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінде «Сөйлеу деген - біреудің екінші біреуге хабар беруі. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлеудің мақсатын прагматикалық тұрғыда айтып өткен [Тіл тағылымы, А., 1992, 141-б.].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.