ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫН ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Authors

  • Есениязқызы Мәдина 7М01504 – Физика БББ-ның магистранты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Рыстыгулова Венера Ботабаевна ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Астана, Қазақстан
  • Төленова Гүлжан Қасқырбекқызы Техника ғылымдарының магистрі, «Физика», «Физика және информатика» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті, Арқалық, Қазақстан

Keywords:

Джоуль-Ленц заңы, интерактивті технологиялар, виртуалды зертханалар, физика пәні, оқыту әдістемесі

Abstract

Мақалада Джоуль-Ленц заңын оқытуда интерактивті технологияларды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың электр тогының жылулық әсері жөніндегі білімдерін тереңдету, теориялық түсініктерді тәжірибелік дағдылармен ұштастыру және оқу процесінің тиімділігін арттыру болып табылады. Зерттеу барысында ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, Джоуль-Ленц заңын оқытуда қолдануға болатын виртуалды зертханалар, компьютерлік симуляциялар және мультимедиялық ресурстар іріктелді. Оларды оқу процесіне енгізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, заңның физикалық мәнін визуалды түрде түсіндіру және тәжірибелік есептерді орындау барысында қолданудың тиімділігі көрсетілді. Эксперимент нәтижелері интерактивті технологиялардың оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және білімді практикалық жағдайда қолдану дағдыларын жетілдіруге ықпал ететінін дәлелдеді

Published

2026-01-19

How to Cite

Есениязқызы Мәдина, Рыстыгулова Венера Ботабаевна, & Төленова Гүлжан Қасқырбекқызы. (2026). ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫН ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. Modern Scientific Method, (12). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/MSM/article/view/7655

Issue

Section

Pedagogical Sciences