Тозған ауылшаруашылық жерлерін картаға түсіруде ГАЖ жүйесінің рөлі

Authors

  • Баймахан Ғ.А. Магистрант, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Abstract

Ауылшаруашылық жерлерінің тозуы – адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігіне, экологиялық тепе-теңдікке және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін жаһандық мәселе. Тозу үдерістері – топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің нашарлауына әкелетін ұзақ мерзімді процестер. Қазақстанда, әсіресе, құрғақшылық пен су тапшылығы байқалатын оңтүстік және батыс өңірлерде бұл мәселе ерекше өзекті. Тозған жерлерді анықтау, қадағалау және қалпына келтіру үшін қазіргі заманғы цифрлық құралдар қажет. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – геоақпараттық жүйелер (ГАЖ).

ГАЖ технологиялары жер ресурстарын кешенді басқаруға, олардың жай-күйін картаға түсіруге, уақыт бойынша өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада ГАЖ жүйесінің тозған ауылшаруашылық жерлерін зерттеудегі және картаға түсірудегі рөлі қарастырылады.

Published

2025-06-16

How to Cite

Баймахан Ғ.А. (2025). Тозған ауылшаруашылық жерлерін картаға түсіруде ГАЖ жүйесінің рөлі. Modern Scientific Method, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/MSM/article/view/6455

Issue

Section

Geographic Sciences