ЕСЕНБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ

Authors

  • Мутиев Зинулла Жаксылыкович М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, ф.ғ.к., доцент, Орал, Қазақстан
  • Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің аға оқытушысы, магистр, Орал, Қазақстан
  • Галимова Қания Алиевна М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің магистрі, Орал, Қазақстан

Abstract

Ақындық дертті серік еткен Есенбай Дүйсенбайұлының алғашқы тырнақалды туындысы 1971 жылы «Бозала таң мен бозторғай» деген атпен жұқа кітапша болып шықты. Ақын туған жердің тұмса табиғатытың адамзат байқамайтын керемет келбетін, ондағы тіршілік әуенін, адамдар тағдырын, кейіпкерлер бейнесін тамсана жырлайды, тіпті кез-келген көрініске жан бітіреді. Кез-келген адам байқамайтын, байқаса да көзіне ілмейтін көріністер өлеңін оқыған жанныі көз алдына келеді. Ақын метафоралық бейнелер мен кейіптеудің шынайы мысалын мөлдіретіп көз алдымызға жайып салғандай болады. Талай дүрбелеңді басынан өткізген қазақтың қарапайым өзіне ұқсаған даланы көркем бояулармен әспеттеп, оның ой-қырларына дейін түрлі бояумен көркемдейді. Әсіресе, ақын шығармашылығындағы ерекше өзіндік өрнегі - бозторғай құс, бозала таң, бозжорға, бозала сулық, боз ат, бозбала, бозаң бел, бозшағыл, бозінген, бозжусан, бозқасқа, бозамық, боздәурен сияқты сөз ораламдарын қолданады.

Published

2024-08-05

How to Cite

Мутиев Зинулла Жаксылыкович, Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы, & Галимова Қания Алиевна. (2024). ЕСЕНБАЙ ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ. Modern Scientific Method, (7). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/MSM/article/view/4041

Issue

Section

Philological Sciences