XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТАРИХ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
Abstract
Қазірге дейін дидактикада оқыту әдістері толық жіктеліп сарапталып болған жоқ. Мәселен, тарихты оқыту әдістемесі туралы белгілі еңбектерде оқыту әдістері, негізінен, төмендегіше жіктеліп-сарапталады:
- Тарихи материалды ауызша хабарлау әдістері, бұған мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгімесі, түсіндіруі, мектептік дәріс, оқушылармен әңгімелесуі жатқызылады.
- Тарихты оқытқанда түрлі мәтіндермен жұмыс істеу әдістері қосылды. Оқыту әдістерін сараптауда мұғалім мен оқушының сабақ үстінде атқарған жұмысы және сол жұмысты ұйымдастыруда пайдаланылған құрал (тарихи құжат, көрнекі техникалық құрал, оқулық, т.б.) шешуші рөл атқарады. Өткен ғасырдың екінші жартысында кеңестік педагогика ғылымы, оның ішінде дидактика саласы айтарлықтай дәрежеде дамыды. Сабаққа қатысты басты жаңалықтардың бірі – жаңа тақырыпты оқып үйренуге бүкіл сынып оқушыларын қатыстыру және осы қатысу барысында оны меңгеру үшін оқушылар өздері ой қызметімен шұғылдануы керек.
Published
2025-06-02
How to Cite
Шуршитбай Б, & Амангараев Е. А. (2025). XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІН ТАРИХ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ. Modern Scientific Technology, (10). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/MSC/article/view/6336
Issue
Section
Historical sciences
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.