Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: дамыту механизмдері мен трансформациялау
Keywords:
әйелдер кәсіпкерлігі, гендерлік саясат, ШОБ, Қазақстан экономикасы, қаржыландыру, цифрландыру, трансформацияAbstract
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қазіргі экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Әйелдердің кәсіпкерлік қызметке белсенді қатысуы экономиканың әртараптануына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және әлеуметтік тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Осы мақалада әйелдер кәсіпкерлігінің қазіргі жағдайы, оның даму тенденциялары, институционалдық және қаржылық қолдау механизмдері, сондай-ақ трансформациялау бағыттары кешенді түрде қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстанда әйелдер шағын және орта бизнес субъектілерінің шамамен 45–48%-ын құрайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігінің жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі 14–15% шамасында бағаланады. Дегенмен, қаржыландыруға қолжетімділіктің шектеулі болуы, гендерлік стереотиптердің сақталуы және цифрлық дағдылардың жеткіліксіздігі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын тежейтін негізгі факторлар болып табылады.
Мақалада ұсынылған трансформациялық модель әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.