Жетісу өңірінің Текелі-Үштөбе аймағындағы 2011-2024 жылдардағы күз мезгіліндегі ауа температурасы өзгерістерінің математикалық моделін құру және болжау

Authors

  • Сураншы Дамир Сураншыұлы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2-курс студенті
  • Узденбаев Ж.Ш. т.ғ.к., аға оқытушы

Keywords:

ауа температурасы, математикалық модель, уақыттық қатар, Текелі, Үштөбе, Жетісу өңірі, регрессия, болжам

Abstract

Бұл мақалада Жетісу өңірінің Текелі-Үштөбае аймағындағы 2011-2024 жылдар аралығындағы күз мезгіліндегі ауа температурасының өзгерістерін талдау және математикалық модель құру қарастырылған. Зерттеу барысында аймақтың қыркүйек, қазан және қараша айларындағы орташа температура деректері пайдаланылды. Уақыттық қатарларды статистикалық өңдеу және сызықтық регрессиялық талдау нәтижесінде температураның жылдар бойғы тенденциясы анықталды. Модель нәтижесі соңғы он үш жылда күз мезгіліндегі орташа температураның біртіндеп жоғарылағанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері аймақтық климаттық динамиканы болжауға және ауыл шаруашылығында, экологиялық мониторингте қолдануға мүмкіндік береді

Published

2025-12-08

How to Cite

Сураншы Дамир Сураншыұлы, & Узденбаев Ж.Ш. (2025). Жетісу өңірінің Текелі-Үштөбе аймағындағы 2011-2024 жылдардағы күз мезгіліндегі ауа температурасы өзгерістерінің математикалық моделін құру және болжау. Interdisciplinary Science Studies, (11). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ISS/article/view/7329

Issue

Section

Geographic Sciences