ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ РӨЛІ
Keywords:
химияны оқыту әдістемесі, кәсіби құзыреттілік, химия мұғалімдерін даярлау, эксперименттік дағдылар, зерттеушілік құзыреттілік, цифрлық технологиялар, инновациялық оқыту әдістеріAbstract
Бұл мақалада «Химияны оқытудың әдістері мен технологиялары» пәні арқылы химия мамандығында оқитын студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі заманғы химия ғылымы мен өндірістің даму талаптарына сай болашақ мамандардың теориялық, практикалық, зертханалық, зерттеушілік және цифрлық құзыреттерін дамыту қажеттілігі талданады. Пәннің теориялық мазмұны химиялық білімнің логикасын, ғылыми ұғымдардың қалыптасу механизмдерін және модельдеу мен талдау дағдыларын меңгеруге бағытталса, практикалық дайындық педагогикалық практика барысында эксперимент жүргізу, сабақ жоспарлау, оқыту әдістерін таңдау және заманауи технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатыны көрсетіледі. Сонымен қатар виртуалды зертханалар мен цифрлық құралдардың студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы рөлі негізделеді. Зерттеу нәтижелері аталған пәннің болашақ химия мамандарын кәсіби ортаға бейімдеуде және олардың интеллектуалдық, зерттеушілік, әдістемелік дағдыларын дамытуда маңызды орын алатынын дәлелдейді
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.