СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Abstract
Қазіргі қоғамда білім беру кеңістігі қарқынды дамып, жаңа өзгерістерге ұшырап, студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделу талаптары күннен күнге артып келеді. Жоғары оқу орнына түсу – жеке тұлғаның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл уақыт жасөспірімдік кезеңмен тұспа-тұс келетіндіктен, олар психоэмоциялық тұрғыдан өте сезімтал, өзгерістерге толы, әлеуметтік қарым-қатынастарды қайта құру сатысынан өтеді. Жаңа ортаға бейімделу, оқу талаптарының күшеюі, жеке жауапкершіліктің артуы, өзін таныту қажеттілігі – студенттің ішкі ресурстарын көп талап етеді.
Алайда барлық студенттерге ол кезең жеңіл болмайды, көптеген қиындықтарға тап болып, қақтығыстар пайда болады. Ал ол оқу мотивациясына әсер етіп, тұлғаралық қақтығыстарының бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан студенттерге өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Өзін-өзі реттеу – өз эмоциялық жай-күйін түсіну, бақылау және басқара алу қабілеті және бұл олардың сәтті бейімделуі мен психологиялық денсаулығының негізгі шарты болып табылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.