Жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінің идиомаларын үйретуде когнитивті-лингвистикалық тәсілді жүзеге асыру

Authors

  • Байырхан Ұлдар Байырханқызы Оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Keywords:

ағылшын тілі, когнитивті лингвистика, метафора, идиома, таным, ESL, тіл үйрету әдістемесі, мәдениетаралық коммуникация

Abstract

Бұл мақалада жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінің идиомаларын үйретуде когнитивті-лингвистикалық тәсілді қолдану мәселесі қарастырылады. Когнитивті лингвистика идиомаларды жай ғана тілдік бірліктер ретінде емес, адамның ойлау жүйесіне, әлемді тану тәсіліне байланысты ұғымдық құрылымдар ретінде түсіндіреді. Осы тәсіл негізінде идиомалардың мағынасын метафоралық және метонимиялық модельдер арқылы ашу оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тілдік материалды терең түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада когнитивті тәсілді оқу үдерісіне енгізу жолдары, визуалды құралдар мен контекстік тапсырмаларды қолдану мысалдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері когнитивті-лингвистикалық тәсілдің оқушылардың идиомаларды меңгеруіне оң әсер ететінін көрсетеді

Published

2025-05-12

How to Cite

Байырхан Ұлдар Байырханқызы. (2025). Жоғары сынып оқушыларына ағылшын тілінің идиомаларын үйретуде когнитивті-лингвистикалық тәсілді жүзеге асыру . Interdisciplinary Science Studies, (9). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ISS/article/view/6111

Issue

Section

Pedagogical Sciences