«Адреналин гармонының гомеостазда әсер ету механизмі» тақырыбына тереңдетілген сабақ
Abstract
Тереңдетілген сабақ - бұл оқу бағдарламасында қарастырылған тақырыптарды тереңірек және жан-жақты талдауға бағытталған сабақ түрі. Мұндай сабақта оқушыларға күрделі тапсырмалар, қосымша ақпарат көздері және зерттеу-ізденіс жұмыстары беріледі. Тереңдетілген сабақтың мақсаты білім сапасын арттыру, оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту және алған білімдерін өмірде қолдануға бағытталады.
10 сыныпта «10.1.7.16 адреналин гормонының гомеостазда әсер ету механизмін сипаттау» оқу мақсатына тереңдетілген сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар адреналин мен стероидты гормондардың бөлінуі мен атқаратын қызметі, нысана-жасушаларға әсер ету механизмін үлгілеу жұмыстары мен кілт сөздерді пайдаланып сипаттауды және салыстыруды үйренді. Сонымен қатар, энергетик сусындардың адам ағзасы үшін әсерін ұғынды. Сабақта пәнге тән лексика мен терминология: адреналин, бүйрекүсті бездері, хромаффин ұлпасы, нысана-жасушалар, аденилатциклаза, протеинкиназа, фосфорилаза, гомеостаз, оң кері байланыс, реттеу механизмдері, цАМФ, екінші мессенджер ұғымдарымен танысып, негізгі контентті таныстыруда қолданды. Сабақ тақырыбы адреналиннің жұмыс жасау механизміндегі маңызды ферменттер топтары химия пәнімен тікелей байланысты көрсетеді. Энергетик сусындар нутрициология ғылымында талданады. Оқушылар алдыңғы білімдерінде эндокринді бездердің түрлері мен орналасуын, гомеостаз ұғымын және 8-сыныптан гомеостазға тартылған кейбір гормондарды біледі. 7-сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, олар ағзаның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етудегі жануарлардың жүйке жүйесінің рөлін түсіндіре алады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.