Аэротенктегі ағынды суларды биологиялық тазартудағы флотациялау процесін басқару жүйесін оптимизациялау
Abstract
Бұл жұмыста аэротенктегі ағынды суларды биологиялық тазартудағы флотациялау процесін басқару жүйесін зерттеуге баса назар аударылады. Зерттеудің негізгі нысаны - аэротенк, мұнда қысым тазалау тиімділігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жұмыс барысында Mathcad ортасында есептелген қысымның өзгеру деректері негізінде жүйенің математикалық моделі жасалды. Модель басқару объектісі кешігу уақыты бар екінші ретті екенін көрсетті. Таңдалған тәсілдің тұрақтылығы мен дұрыстығын бағалау үшін VisSim 5.0 бағдарламалық жасақтамасы қолданылды. Модельдеу нәтижелері бойынша жүйенің тұрақты екендігі анықталды, ал PI реттегіші тез жауап беруді және минималды ауытқуларды қамтамасыз ете отырып, дұрыс таңдалды (қайта реттеу 10%-дан аспайды).
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.