ВИОЛОНЧЕЛЬ АСПАБЫНА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ «ТӨРЕМҰРАТ» КҮЙІ: ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ТАЛДАУ
Keywords:
күй, лайықтау, виолончель, орындаушылық ерекшеліктер, интерпретацияAbstract
Бұл мақалада қазақтың дәстүрлі күй өнерін виолончель аспабында орындаудың ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Қазақ күйлері ғасырлар бойы домбыра мен басқа да ұлттық аспаптарда орындалып, өзіндік құрылымы мен орындаушылық мәнері қалыптасқан. Алайда оларды виолончельге лайықтап өңдеу барысында бірқатар қиындықтар туындайды, соның ішінде дәстүрлі штрихтарды, дыбыс бояуын, артикуляцияны және музыкалық фразаларды дұрыс жеткізу мәселелері бар. Мақалада осы қиындықтарды еңсерудің түрлі әдістері, виолончельге тән орындаушылық тәсілдердің қазақ күйінің табиғатына қалай бейімделетіні зерттеледі. Сонымен қатар қазақ күй өнерінің көрнекті үлгілерінің бірі саналатын «Төремұрат» күйінің виолончельдегі интерпретациясына ерекше назар аударылады. Бұл күйдің техникалық және көркемдік қырлары талданып, оның әуендік, ырғақтық және экспрессивтік ерекшеліктерін виолончель арқылы жеткізудің тиімді жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері қазақ күйлерін заманауи орындаушылық тәжірибеге бейімдеуге, олардың қабылдану аясын кеңейтуге және халық музыкасын әлемдік деңгейде насихаттауға ықпал етеді.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.