ҰЛТТЫҚ САЯСИ ЭЛИТА: ӨТКЕНІ ҺӘМ БҮГІНІ
Abstract
Өткен тарихымыздың сабағынан ұрпақ үйренеді, жамандығынан жиренеді, өмірден өткен ұлы тарихи тұлғалардан үлгі-өнеге алады. Неге солай болды деп ойланып ұғынбасақ, себеп-салдарына үңілмесек, көңілге мықтап тоқымасақ, кешегі халқымыздың басына түскен қасіретті оқиғалардың қайталанбасына кім кепіл? Сондықтан 1997 жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», 1998 жылды «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялауының, 2004-2007 жылдар аралығында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдауының мән-мақсаты да осында.
Отандық тарихымыздың әр кезеңі ашылмай қалған сырымен, айтылмай келген шындығымен ерекшеленеді. Көп жағдайда ол оқиғаларға саясат тұрғысынан мүлде басқаша баға беріліп, ақиқаты бүркемеленген болып келеді. Тәуелсіздік жолындағы ой-арманға, күреске толы осындай кезеңнің бірі – ХХ ғасырдың бірінші ширегі болып саналады. Бұл аралықта халқымыздың қоғамдық-саяси сана сезімінің оянуымен қатар, саяси буырқануы мен әлеуметтік жарылыстары да айрықша көрініс берді. Мәселен, 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылдың дүрбелең сілкіністер Ресей империясының езгісінде болған қазақ елінің де азаттық пен бостандықты баянды ету мақсатындағы ұзақ сонар күресіне ұласты.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.