Әлемдік тәжірибе негізінде ҚР халқының өмір сүру сапасын арттыру жолдары және келешегі
Abstract
Бұл мақалада мемлекетті құрауыш негізгі ресурс болып табылатын халықтың әл-ауқатын жақсарту шаралары мен әлемдік тәжірибе туралы айтылады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасының артуындағы басты кепілдік болып табылады. Мемлекеттік структуралық негіздмелерге сәйкес әр әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың бірден бір дұрыс жолы ол – өмір сүру сапасының жақсаруы болып табылады. Мемлекеттік мүддеге жұмыс жасайтын бағдарламалардың басым бағыты ең алдымен өмір сүру сапасының жақсаруына бағытталуы қажет. Мақалада сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сараптама жұмыстары жүргізілген.
Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық тұрғыда алған бағыты көңіл көншітерлік болғанымен, кейбір экономикалық сұрақтардың өз әлінше дұрыс шешілмей жатқандығын да байқай аламыз. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әрдайым әлеуметтік әл-ауқаттың экономикалық мүддеден бұрын жүретіндігін байқай аламыз. Мәселен, Р. Дарендорф өз еңбектерінде әлеуметтік сұрақтардың шешілмеуі өз кезегінде күрделі мемлекет ішіндегі әлеуметтік конфликтілерге әкеле алатындығы туралы жазған болатын. Бұл орайда ол аталмыш мемлекеттің экономикалық сұрақтары мен даму деңгейі рөл ойнамайтындығы шындық [1].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.