ХХI ғасыр қазақ прозасындағы поэтикалық ізденістер

Authors

  • Мергенова Самал Жоламановна М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ магистранты

Abstract

Қазақ әдебиеті – әлем әдебиетінің ажырамас бөлшегі. Ғылыми интеграциялық үдерістер күшейген қазіргі тұста прозалық шығармаларға пәнаралық негізде талдау жасау, жаңа арнамен дамып отырған қазақ әдебиетінің бетмалысын бағамдау үшін ғана емес, әдебиет тарихы туралы тұщымды тұжырымдар жасап, болашағын болжау үшін де маңызды.

Қазіргі таңда қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ көркем прозасын зерттеу еңбектерде тәуелсіздіктен кейінгі қазақ әдбеиеті деген тіркесті қолдану жиі айтылады. Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ прозасының дамуына әдебиетіміздің бірнеше толқыны ат салысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан күні бүгінге дейін қазақ әдебиетіне қалам тартқандардың қатарын сол кеңестік кезеңнің алыптары, 60-70-80 жылғылар Ә.Кекілбайұлы, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Т.Нұрмағанбетов, т.б. құрайды. Олар Өткен ғасырдың 60-80-жылдары қолына қалам алып, әдебиетке араласқан, қазіргі әдебиеттің аға буын өкілдері қоғамның дертін халқымен бірге емдеуге, қиындықтан шығу жолын көрсетуге тағы да ат салысқан еді [1,15 б].

Published

2024-03-17

How to Cite

Мергенова Самал Жоламановна. (2024). ХХI ғасыр қазақ прозасындағы поэтикалық ізденістер . Interdisciplinary Science Studies, (5). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ISS/article/view/3161