ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Authors

  • Шуршитбай Б. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. (Өскемен қ., Қазақстан)
  • Айдар Ж. «Дінтану-филосфия» мамандығының 3-курс студенті (Қазақстан)

Abstract

Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған. Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды.

Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Қазақ халқы – әлемдегі ең ғажап халық. Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу – баршамыздың міндетіміз. Жер-жаһанда қазақтан асқан қонақжай халық жоқ десек болар. Қазақ жерінде болған поляк саяхатшысы, зиялысы А. Янушкеевич: «Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін айналып шығар едім»,– деп қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болған екен. Қонақжайлылық – қазақ халқының сүйегіне сүтпен сіңген қасиет. Бұл қасиет қазақты өзге ұлттан ерекшелеп, мәртебесін биіктетіп тұрады.

Published

2023-05-08

How to Cite

Шуршитбай Б., & Айдар Ж. (2023). ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. Interdisciplinary Science Studies, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ISS/article/view/1428

Issue

Section

Philosophical Sciences