АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӘН ӨНЕРІНІҢ СИПАТЫ МЕН МУЗЫКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Authors

  • Мусаев Жангали магистр – оқытушы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті , Түркістан қаласы, Қазақстан Республикасы
  • Арипбоева Диана 6В02122- Дәстүрлі ән өнері 3 курс студенті

Abstract

Абай (Ибраһим) Құнанбай ұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан жерінде, Семей облысы Шыңғыс болысында ірі-феодал сұлтан Құнанбайдың отбасында туылды. Болашақ ақын туған халқының өмір-тұрмысымен, туған жерінің жаратылысымен осы өз ауылында танысты. Абай жеті жасқа келгенде әкесі Құнанбай Қарқаралы округіне сұлтан болып тағайындалды. Құнанбай өз ескілігіне өзі берік болды. Абайдың естілігін ерте сезді де, оны өз ескілігіне қарай баулу үшін Абайдың алдын-артын бірден шырмап, отыздан асқанша өз тұрғысынан басқа шоқыға шығып қарауылдауына ерік бермеді. Әкелік, әкімшілік, мұсылмандық тіпті, әдет-ғұрыптық басымдылығын пайдаланып, Абай өрісін тұсады. Құнанбай патшаның жақтасы бола отырып та, фанатиктігіне жеңдіріп, баласын орыс мектебіне жібермеді. Астыртын орыс мектебінен Абай сабақ алып жүр дегенді естіп, медресені толық бітіртпестен Абайды қаладан ауылына қайтарып алған. Ел билеу жұмысына, жаңадан ұйымдасқалы жатқан көрші округіне сұлтан жасауға асыққан. Бірақ сұлтандық үкіметтің өмірі ұзаққа бармады. 1868 жылы реформа бойынша сұлтандық қысқартылды. Оның орнына одан көлемі кіші болыстық, ел билеу системасы жасалды. Болыстан жоғарырақ әкімшілік орындарға қазақтан адам отырмайтын болды. Құнанбай болыстық лауазымды өз басына аз сынды. Бірақ билікті қолынан шығармау үшін бала жігіт Абайды өз болысына управительдікке ұсынды. Абай оған қарсы болды. Осыдан Абай мен әкесі арасында көптен келе жатқан қайшылық сыртқа шықты.

Published

2023-05-08

How to Cite

Мусаев Жангали, & Арипбоева Диана. (2023). АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ӘН ӨНЕРІНІҢ СИПАТЫ МЕН МУЗЫКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Interdisciplinary Science Studies, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ISS/article/view/1424