Ақпараттық білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану әдістері
Abstract
Қазіргі қоғамда ең басты мәселелердің бірі – білім беру жүйесіндегі білім алушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру. Егер оқу барысында қолданылатын ақпараттар қызықты болса, сабақта түсінікті әрі есте сақтау қабілеті де артады. Уақыт талабына сай адамдар бала кезінен жаңа ақпараттық ортаны игеріп, даму үстінде. Ғаламтор желісі, компьютерлік бағадарламаларды қолдану барысында ақпараттарды қабылдаудың жаңа түрі қалыптасты. Дәстүрлі оқыту бойынша ақпараттардың оқу әдебиеттерінде баяндалуы және сол білімді оқытушының сөздерімен түсіндірілуі өз маңыздылығын және білім алушылардың қызығушылығын төмендеуіне әкелуде.
Егемен Қазақстан тарихындағы терең әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени қоғамдық өзгерістермен сипатталатын қазіргі кезең жоғары оқу орнындағы ғылыми негізде білім беру процесіне қойылатын талаптарды арттыруды және маманның кәсіби даярлығының сапалы деңгейін қамтамасыз ететіндей жағдай жасауды ұсынады [1]. Жаңа мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізу, білім берудің жаңа мазмұнына көшу жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік саясаты педагогикалық ғылым мен практикадан заманауи ақпараттық технологиялар негізінде оқу процесін қазіргі заманғы ғылыми әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.
Зерттеуде мынандай әдістер қолданылды:
- әдебиеттерге шолу жасау;
- Google формада онлайн сауалнама жүргізу;
- алынған нәтижелерге салыстырмалы талдау жүргізу;
- алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасау.
Әдістеменің нысаналы компоненті ҚР Жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасының, ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының, ҚР білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарын ескере отырып қалыптастырылған, өзара байланысты тұлғаға бағытталған мақсаттардың жиынтығын білдіреді.
Зерттеу əдістері ретінде нормативтік-құқықтық құжаттаманы талдау, жоғары жəне кəсіптік білім беру жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша ғылыми негізделген тəсілдерді пайдалану.