АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Keywords:
Арне Несс, Экософия, Киелі табиғат, Аңыз, ҚиссаAbstract
Мақаланың тақырыбы сөз жүзінде емес, іс жүзіне асу үшін өзекті мәселені ашып қозғадық. Атырау облысымыздың табиғи қызыл зонада екені бар әлемге анық. Қанша ғалымдар дабыл қағуда. Ауаның ластануы алтын бесік туған жерімізде бірталай ауру түрлерін таратуда. Ең сорақысы тіршілік иелеріне зиян келуде. Соның бірі жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне төніп тұрған қауіптің алдын алу мақсатында осы тақырып қозғалды. Қозғалған мәселені біз қалай шешу жолын көрсетеміз. Ол жол қорғауға тікелей байланысты. Жаңаша жолдарын көрсетеміз.
Мақаланы жазу барысы тек ойлардың туындауымен ғана шектелмеді. Қоғам деп қайта ұрандап жатырмыз. Оның не мәні бар? Қоршаған ортаны өзгертуден пайда бар ма? Осы секілді сұрақтар адам баласын ойландырмай қоймасы анық. Бұл сұрақтар мақала жазу барысында әр тұжырымға апарып жетеледі. Себебі, жазылған еңбектің нақты нәтиже беруін дәлелдеуші аргументтер керек екенін анық ұғындық. Тыңдалмаған сөз жетім күйінде қалғанын қаламадық. Қандай да бір нақты ой түйсе, оқырман соны ұғына білсе, жазылған еңбектің бос болмағаны. Ал, еңбек далаға кетпеуі үшін адамдардың шынайы өмірлерінен тәжірибе ала отырып, негіздейміз. Себебі, бұл біз ұсынған әрекеттің нақты нәтижесі қалай көрініс берерін біз сіздерге жеткізгіміз келеді. Атырау облысының табиғаты зауыттардың салдарынан зиянға ұрынып жатқаны белгілі. Бірақ, айтар халықтың салы қайтты. Енді біз өз тарапымыздан, халық болып қалай құтқара аламыз деген сұраққа жауап іздеу барысында осы еңбегімізді сіздерге ұсынамыз.