СТУДЕНТТЕРДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Abstract
Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Заманауи кезеңдерде ғылымдар жүйесінде, студенттердің кәсіби қызметке психологиялық дайындықты зерттеу өзекті мәселе болып келеді. Қоғам талаптарына орай еңбек сипаты мен мазмұнының аумақты, жылдам өзгеруіне байланысты кәсіби және мамандықтың қыр-сырына үңілуге психологиялық дайындықты қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық өңдеулерін жүзеге асыру мәнді сұрақтардың бірі. Кәсіби қалыптастыру, соған байланысты іс-әрекетті саналы өзіндік реттеу мәселелерінде дәстүрлі және диагностикалық зерттеуді қолдану, психологиялық, педагогикалық, практикалық кеңес беруді, мамандыққа дайындауды, еңбек субьектісі ретінде болашаққа бағыт-бағдар беруді кеңінен қолдануды күшейтіп негіздейді.
Г.Ж. Менлибекованың пікірінше, белгілі бір кәсіпке қажеттілік - ниет-мақсат бағдар бағыттылық түрінде көрінеді деген. Ол бағыттылықты көптеген бағыттылық түріне байланатын өте жақсы оқитындықтың саналық көрінісі деп қарастырып, оны дүниетанымдық, адамгершілік принциптеріне, көзқарасқа баламасын қорытындылай келгенде көз жеткізу, сену деп түсіндіреді.